Сәнді саябақ ашылды (ФОТОРЕПОРТАЖ)
Затобол кентінде "Жаңару" атты саябақ пайда болды. Оның ашылу салтанатына облыс әкімі Архимед Мұхамбетов арнайы қатысты.






-Құрметті Затобол тұрғындары, сіздерді мұнда бұрын-соңды болмаған жаңа саябақтың ашылуымен шын жүректен құттықтаймын. Бұл әлеуметтік жобаның жүзеге асуы "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында мүмкін болып отыр. Саябақтың негізін қалауға 240 млн теңге жұмсалып, құрылысымен "Жаңа өмір" мердігерлік компаниясы айналысты. Бұл тек серуен құру орны ғана емес, спорт алаңдары,скейтборд нысаны жұмыс істейтін болады. Бұдан былай мәдени-көпшілік шаралар да осы саябақта өтеді, – деді А.Мұхамбетов.
"Жаңарудың" ең ерек жаңалығы – биші субұрқақ. Жиылған жұрттың тағатсыз күткен сәті де сол еді – аймақ басшысы айрықша фонтанды өз қолымен іске қосты.




Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков