Театрға – электронды билетпен

І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма  театрына енді электронды билетпен кіруге болады.Безымянный
Облыс мәдениетінің қарашаңырағына электронды билеттерді интернет арқылы алу мүмкіндігі енгізді. Оларды кассада алмастырудың керегі жоқ, тек бақылаушыға арнайы басып шығарылған немесе смартфондағы кодты көрсетсе болғаны.
Билеттер өнеркәсіптік сканермен жарақтандырылған, арнайы алып жүруге арналған құрылғының көмегімен тексеріледі, ол штрих-кодты лезде оқуға мүмкіндік береді. Бұл туралы  билеттерді онлайн режимінде сатып алуға арналған "Тикетон" жүйесінің хабарламасында аталады. Бұдан былай билет алуға аз ғана минут жұмсалады, үйден не офистен шықпастан ыңғайлы орындарды таңдауға мүмкіндік бар.
QR-коды бар алғашқы электронды билеттер биыл наурыз айының қойылымдарына сатылған болатын.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓