Өлкеміздің дамуы – жастардың қолында

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ахмет Байтұсынұлының 150 жылдық мерейтойына қатысуы Торғай өңірінің жастарын да бей-жай қалдырмауда. Өйткені, өлкеміздің дамуы – жастардың қолында. Мемлекетіміздің жастарға сенімі артып, қолдау көрсетуі жыл сайын артып келеді.
Ахмет атамыздың  150 жылдық мерейтойына өңірімізде жыл бойы көптеген  іс-шаралар  атқарылды. Енді санаулы күндерден соң,  яғни 3-5 қыркүйекте туған жері Торғайда ұлт ұстазының мерейтойы құрметіне мерекелік іс-шара өтеді.
Торғайда өтетін форумда жастар өзара пікір алмасып, тың бастамалардың жобасын ұсынады. Ұлылар мекені болған Торғайдағы тарихи маңызы зор мерекеден жастар рухани азық алып, туған жерге деген рухы мен патриоттық сезімі артатыны сөзсіз. Ал, Қасым-Жомарт Кемелұлының Торғайға келетіні тұтас Торғай өңірінің дамуына тың серпін бермек. “Халық үніне құлақ асатын мемелекет” тұжырымдамасында атап өткендей, халықтың үнін тындап, өтініш- тілектері ескерусіз қалмайды деген ойдамын. Сондықтан мемлекет басшысының келуі тұтас Торғай өңірінің жастары үшін тарихи оқиға болмақ. 
Ұлт жанашыры Ахмет атамыздың тойы  елдігіміздің абыройы мен мәртебесін арттыратын, бірлік пен берекеге бастайтын мереке болатынына сенімдімін.
            Айбек ТАҢАТБАЕВ,
Жас кәсіпкер, аудандық Аманкелді аудандық мәслихаттың депутаты, 
Шапағат төсбелгісінің иегері

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓