Әріптесіміз жүлдегер атанды
"Атамекен" ҰКП ұйымдастыруымен өткен журналистер арасындағы республикалық байқауда "Қостанай таңы" газеті редакторының орынбасары Жұматай Кәкімжанов үшінші орынды жеңіп алды. Әріптесіміз "Үздік сарап" аталымында бақ сынаған болатын. Марапаттау рәсімі бүгін Астана қаласында өтті.
Құтты болсын! Жұматай, қаламың құрғамасын, жазарың таусылмасын!