Отандық электр желісіне қосылады
Қарабалық ауданының Боскөл ауылы мен Мағнай станциясы тұрғындары үшін қуанышты жаңалық. Бұған дейін Ресей Федерациясының Оңтүстік Урал темір жол электр желілерін пайдаланып келген ауылдықтар алдағы 1 қазаннан бастап Қазақстан Республикасының электр желілері жүйесіне қосылмақ.
Бұл жөнінде аймақтық әкімдікте өткен жиында облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Алмат Исенбаев мәлімдеді.
– Қазіргі таңда ВЛ-0,4 кВ электр тарату желісінің құрылыс жұмыстары аяқталды. 619 діңгек орнатылып, 17,6 шақырым электр желілері тартылған және екі ауылға есептегіш құралдары орнатылды, – деді басқарма басшысы.
Қыдырбек ҚИЫСХАНҰЛЫ