Қарасуға қоныс аудармақ

Өңір басшысы Архимед Мұхамбетов Сарыкөл және Қарасу аудандарына іссапармен барды. Сапар барысында қос аудан диқандарымен кездесіп, жиым-терім жұмыстары жайлы сөйлесті. 3c3f2661-9167-4b34-b2ab-5c7d3d2dff7a
Биылғы орақ маусымы солтүстік аудандар үшін айтарлықтай берекелі емес. Ауа райы күрт суып, жауын жауғалы алқапта жұмыс саябырсыған. Сарыкөлдегі «Мелитопольское» ЖШС биылғы қуаңшылыққа қарамастан, өнімді молынан алуға ниетті. Өйткені серіктестіктің ас кептіру сияқты қажетті жабдықтары сақадай сай. Бұған қоса, эксперттік әлеуеті зор. Шаруашылық басшысы Эуард Двуреченский Қостанай астығын Еуропаға жөнелтуді көздейді. Бидайдың нарықтағы бағасы тұрақты болмаса да, Эдуард Валентинович өнімін сатылымға шығарған. Себеп: жұмысшыларды жалақысынан айырғысы жоқ. bfc4a620-82bb-4ba1-9868-3bad717139b7
-Қазір 36 адам жұмыс істейді, орташа жалақылары тоқсан мың теңге. 16 трактор, 9 комбайн, 8 жүк көлігі бар. Сондықтан қазіргі бағамен сатуға тура келеді. Жалпы, 12 716 гектар жер бар, оның 9 272-сіне бидай себілген. Ауа рай қол байлап отыр, әйтпесе қыруар жұмыс еңсеріліп қалар еді. Басты мақсатымыз – экспортты арттыру. Бүгінгі таңда еуропалық әріптестермен байланыс орнатып жатырмыз,-дейді Э.Двуреченский.
Облыс әкімі «Ақпан Инвест» ЖШС-нің базасында сарыкөлдік диқандармен кездесті. Өйткені, бұл жерде «Sercan Investment Group» ЖШС инвестжобаны қолға алған. Олар 24 мың тонна бидайды қабылдайтын, кептіретін элеваторды іске қосқысы келеді. Жоба құны – 600 млн теңге. Жоба жүзеге асса, 32 адам тұрақты жұмыс істейтін болады. b9c865ea-d32a-4a8c-978c-8cc466913759
-Әрине, қолдайтын шаруа. Егер нақты жоспарларың болса, жағдай жасайтын боламыз. Биылғы орақ маусымы оңды болмай тұр. Тек оңтүстітегі аудандар түгелдей жиып-теріп үлгерді. Ал солтүстіктегі сіздерге қиын. Көршілес Ресейдің Орынбор облысының басшысымен сөйлестім, оларда да жағдай мәз емес екен. Дегенмен, құр қарап отыруға болмайды. Барынша жинап, оны кептіріп, өңдеу қажет. Күте білсең, жер өнім береді. Алдағы уақытта майлы дақылдар егуді көбейту керек. Өйткені, бидайдың қазіргі бағасы еңбекті ақтамайды,-деді өңір басшысы.183d9e16-045f-46b6-b44c-e6a374561016
Бұдан соң облыс әкімі Қарасу ауданына барды. Мұнда да жағдай солай. Өңір басшысы астық жиналған соң сатуға асығудың қажет жоқ екенін айтты. Себебі нарық бағасы әлі белгінбеді. Арзанға ұрынып қалудың қажеті жоқ. 6c4331ad-e32c-4e6c-bc63-4458cb52445d
Бұдан бөлек аудан орталығындағы былтыр қарғын су басқан көшелер қалыпқа келтірілген. Басты көшемен, оған қоса тағы үш көше жөнделіпті. Жалпы құны – 228 млн теңге. Сондай-ақ, жергілікті меценаттар қаржысы есебінен 9 баспана тұрғызылуда. Бас-аяғы 72 млн теңге жиналған. Бұған оңтүстіктен келетін отбасылар қоныстанбақ.  Қараша айында оңтсүтіктен бес отбасы келеді. Оның екеуі мұғалім, үшеуі дәрігер. 93f5e695-57c7-486e-8f1f-1f99cb5e2488
e380a0e3-ad89-4cea-90c4-cd64d4b11295
Толығырақ газеттің алдағы санынан оқи аласыздар.
 
Суреттерді түсірген Б.Көркембаев.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓