Тамыз конференциясы өтті
Бүгін Қостанайда облыстың білім беру саласы қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз конференциясы болып өтті. Бұл жолғы отырыс “Білім берудің инновациялық стратегиясы мемлекеттің, қоғамның және жеке тұлғаның тұрақты даму факторы” тақырыбын арқау етті.
Жыл сайын жаңа оқу жылы қарсаңында облыс педагогтары тамыз конференциясында бас қосады. Кеңесте олар атқарылған істерге баға беріп, болашаққа бағдар жасайды. Бұл жолы да өңір педагогтары атқарылған істерді таразылап, болашақтың міндеттерін айқындады. Ал, үздіктерді облыс әкімі Н.Садуақасов марапаттады. (Тамыз конференциясы туралы толық ақпаратты газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар).
Қарлығаш Оспанова
Суретті түсірген Айбек Жүзбай