Ашық есік күні өтті

Бүгін “БЖЗҚ” АҚ Қостанай облыстық филиалында “ҚР Жинақтаушы зейнетақы жүйесіне 20 жыл: тарихы мен даму бағыттары” деген тақырыпта ашық есік күні өтті. Аталмыш іс-шараға екі жүзден астам адам қатысты. Шара барысында филиал директорының міндетін атқарушы Базар Есмағамбетов жиналғандарға зейнетақы жүйесінің ерекшеліктері мен даму бағыттары, БЖЗҚ-ның қызметі туралы әңгімелеп берді.
фонд4
Айтуынша, сонау тоқсаныншы жылдары еліміз тәуелсіздікке қол жеткізген сәтте гиперинфляция мен жұмыссыздықтың күрт өсуінен кеңестік дәуірден мұраға қалған зейнетақы жүйесі жарамсыз болып қалды. Осыған орай, зейнетақы жүйесін жаңа әлеуметтік-экономикалық ахуалға сай реформалау қажеттігі туындады. Ал, реформаның басты мақсаты – азаматтардың қарттық шағына деген жауапкершілігіне негізделген әлеуметтік әділдік қағидатына сай жүйе қалыптастыру, яғни әр азаматты зейнетақы жүйесіне қосқан үлесіне сай зейнетақымен қамтамасыз ету еді.
фонд2
-Естеріңізге сала кетейік, 1997 жылы маусым айында елімізде “Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы” Заң қабылданып, ол 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді. Сол жылы Мемлкеттік жинақтаушы зейнетақы қоры құрылып, еліміздің зейнетақы жүйесін қалыптастыруда маңызды рөл ойнаған алғашқы жеке қорлар да ашыла бастады. Азаматтардың жинақтарын тиімді, қауіпсіз басқару мақсатында 2013 жылы әлгі қордың негізінде Бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қоры құрылды. Қазақстанның зейнетақы жүйесі ортақ, базалық және жинақтаушы бөліктерден тұрады. Бірлескен зейнетақы бұрынғыша екі көзден қаржыландырылып, мемлекеттік бюджеттен базалық және ортақ зейнетақы төленеді, ал БЖЗҚ-нан салымшылардың өз жинақтарынан төлем жасалады, – дейді Базар Мәкенұлы.
Сондай-ақ, шара аясында “БЖЗҚ” АҚ-тың операциялық бөлімінің басшысы Жібек Сәрсенова да еліміздегі зейнетақы жүйесінің даму тарихы мен қызметіне тоқталып, атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Оның сөзінше, бүгінде зейнетақы жүйесін одан әрі жетілдіру “ҚР Зейнетақы жүйесін 2030 жылға дейін одан әрі модернизациялау тұжырымдамасына” сай жүргізіліп жатқан көрінеді. Мәселен, 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап жасы келуіне байланысты зейнеткерлерге тағайындалатын базалық зейнетақы көлемі барлығына бірдей емес, ол еңбек өтілі мен жинақтаушы зейнетақы қорына қатысу мерзіміне байланысты төленеді. Мамандар азаматтарды жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысуға ынталандыру үшін енгізілген бұл өзгеріс базалық зейнетақыны екі есе өсіруге мүмкіндік беретіндігін айтады.
фонд3
фонд1
Ашық есік күнінде қор өкілдері қаптысушыларды еліміздің зейнетақы жүйесінің тарихымен, оның даму бағыттары мен қызметін ғана емес,, зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы заңнамалық өзгерістермен де таныстырды. Сондай-ақ, шараға қатысушылар да зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша Қор мамандарынан жеке кеңес алды.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓