Шыны төсеніштер шырай береді

Кеше "Атриум" сауда орталығынан "Шахмат" клубына дейінгі аумақ тұрғындардың қауіпсіздігі үшін қоршауға алынған болатын. Қазірдің өзінде төселген тастарды жартылай алып тастаған. Бұл аумақта әдеттегі тастардың бір бөлігі шыны төсеніштермен ауыстырылып, үлкен аймақты жарқырата түсетін болады.  Қажетті материалдар "Астана Led Сервис" компаниясынан жеткізілген.IMG_4705
– Бұл шамдар түрлі-түсті 70 реңк беріп жанатын болады. Қала тұрғындарына ұнайды деген сенімдемін.  Қазір жұмысшылар барлық төсеме тасты мұқият алып, жерасты кабельдерін жалғайтын болады. Жоспар бойынша, ертеңге дейін дайын болып қалуы керек. Бұл жобаның тас төсеуіштерді ауыстырған уақытта жүзеге аспай қалуына бұйрықтың жақында ғана шығуы себеп болып отыр,  – дейді фирма өкілі Мақсат Абылаев. IMG_4700
                                                                                                         Әсел Қибаш,
Суретті түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓