Бас жоспарлардың тұсауы кесілді
Арқалық, Рудный, Жітіқара және Затобол кентінің жаңа бас жоспарлары жасалып, тұсауы кесілді. Оған облыс әкімінің бірінші орынбасары Е.Аман, облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы А.Бекенов, сондай-ақ аталған басқарманың аудан, қалалардағы бөлімдерінің басшылары қатысты.

Рудный қаласының да 2046 жылға дейін бекітілген бас жоспары кезең-кезеңмен жүзеге асырылып, шаһардың аумағы Тобылдың оң жағалауына дейін кеңейтілетін болады. Нәтиже-сінде, түрлі әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлер бой түзеп, жаңадан саябақтар салынып, көгалдандыру мен абаттандыруға да ерекше көңіл бөлінбек.
Облыс әкімінің орынбасары Е.Аман да Кеншілер қаласының бас жоспарында бірінші кезекте инженерлік-коммуникациялық жүйелерді қалпына келтіру қарастырылуы қажеттігін алға тартты.
– Бірінші кезекте коммуникациялық жүйелерді қалпына келтіру керек. Себебі, газ, су, жылу құбырлары әбден ескірген, сондықтан осыны да ескеру қажет. Ал, екінші мәселеге тоқталсақ, тұрғын үй құрылысы үшін бос жерлер Қостанай қаласымен салыстырғанда Рудныйда жетіп артылады. Сол себепті бұл мәселеден ешқандай проблема туындамайтыны анық, – дейді облыс әкімінің бірінші орынбасары Е.Аман.
Жаңа жоспардың арқасында Арқалық қаласының да әлеуметтік-экономикалық саласын арттырып, қалаға Родина ауы-лын қосу да жоспарланып отыр. Сондықтан да, қазіргі күні шаһардағы кезінде жабылып қалған шағын аудандардағы үйлер бұзылуда. Болашақта ол жерлерде жаңа құрылыс алаңдары бой көтеріп, әлеуметтік нысандар салынбақ. Сондай-ақ, бұрынғы әуе-жайды қайта қалпына келтіру, көмірмен жағылатын жаңа жылу қазандығын, желмен жұмыс іс-тейтін электр стансасын салу да жоспарда бар.
– Бас жоспардың жобасында тау-кен өндірісін дамытуға да баса ден қойылған. Сондай-ақ, су электр орталығы салынады. Көк-тем мезгілдерінде су тасқынын алдын алу жұмыстары да қарастырылған, – дейді жобаның бас инженері Александр Буреломов.
Ал, керісінше Жітіқара ауданындағы төрт мың гектардай жер кішірейтілетін болады. Себебі, салық салмағын төмендету мақсатында аудандағы "Қостанай минералдары" акционерлік қоға-мы өздеріне тиесілі жер аумағын қаланың сызбасынан алып тастауды сұрапты. Жалпы, Жітіқарадағы құрылыс жұмыстары енді солтүстік-батыс бағытқа қарай жалғасатын болады. Өйткені, бас-қа жерлер халықтың өмір сүруі үшін жарамсыз әрі ластанған көрінеді.
Қарлығаш
ОСПАНОВА
Сурет Алау сайтынан алынды