Мәні зор ашық сабақ
Қостанай педагогикалық колледжінде қазақ тілі және әдебиетінің пәнінің оқытушы Алмагүл Кенжеғаринаның жетекшілігімен «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында ІІ курс студенттері үшін ашық сабақ өтті. Дәріске ҚР Парламент Мәжілісінің V, VI шақырылымдарының депутаты, Қостанай облыстық кәсіподақ төрайымы И.Аронова мен театр және кино актері, І.Омаров атындағы қазақ драма театрының директоры Әлімхан Мырзахан қатысты.
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай И.Аронова жас ұрпаққа егемендік алғаннан бергі мемлекетіміздің негізгі жетістіктері, өзінің еңбек жолын байланыстыра айтып берді. Ол студенттерге Тәуелсіздік – елдің басты құндылығы екендігін жеткізді.
«Әлімхан Мырзаханұлы тәуелсіздік жылдарындағы артықшылықтарға тоқталып өтті. Студенттер топпен жұмыс жүргізді. «Қазақстан Республикасы – Тәуелсіз ел» тақырыбында ассосация жүргізіп, сұрақтарға жауап берді. Елбасы, Тұңғыш Президентіміздің мемлекет қалыптастырудағы тарихи рөлі туралы жұмыс жасады. Студенттер үш топқа бөлініп, берілген суреттер бойынша коллаж жасады. Бірінші онжылдықтағы жетістіактерге, екінші топ екінші онжылдықтағы жетістіктерге, үшінші топ үш онжылдықтағы жетістіктерге тоқталып, өздерінің құрастырған коллаждарын қорғады. Ашық сабақ барысында студенттер Қазақстанның болашағын қалай елестететіні жайында кластер құрып, ортада қорғай білді.», – деді А.Кенжеғарина.
Сабақ Ескендір Ибрагимнің «Көк тудың желбірегені» әнімен аяқталды. Студенттер ашық сабаққа үлкен қызығушылықпен қатысып, өз әсерлерімен бөлісті.
«Маған бұл сабақ өте ұнады. Ұстазымыз еліміздің қалыптасу тарихындағы жетістіктері туралы айтып берді. Біз көп нәрсені білдік», – деді екінші курс студенті Әйгерім Жаңабергенова.