ҚАЛАДАҒЫ ІРІ САУДА ОРТАЛЫҚТАРЫ ТЕКСЕРІЛДІ

Елімізде төтенше жағдай енгізілгелі Қостанайда сақтық шаралары  қолға алынды. Бүгін Қостанай қалалық әкімдігінің мониторингтік тобы мен санитарлық мамандар өңірдегі бірқатар нысандарға рейд жүргізді.
da42d074-3b6f-4c5a-9499-9662ac6eaae182dfe14e-bbb1-41bf-b93d-e9040e90bc36
Төтенше жағдай талаптарын орындау бойынша қаладағы сауда орталықтарын және тамақ өнімдерін сату дүкендері мен супермаркеттерге арнайы барды. Мақсат – төтенше жағдай режимі кезінде санитарлық нормалар мен дезинфекциялау ережелерінің сақталуын қадағалау. Айта кету керек,  Орталық әмбебап дүкен мен "MART" , "Kostanay Plaza" сауда орталықтары  бүгін ғана ашылған болатын.  
f85fe227-6c7f-4ad4-b7d4-a764fc6c2b95
Нысандарды аралау барысында халық көп шоғырланатын "Kostanay Plaza" сауда орталығындағы супермаркетте бірқатар талаптардың орындалмағаны анықталды. Нәтижесінде санитарлық тазалықтың сақталмауына байланысты ескерту берілді. "MART" СО аумағында орналасқан нан-тоқаш және кондитерлік  өнімдерін сататын супермаркетте бұл өнімдердің жеке қаптамасыз  сатылып жатқаны анықталды.
621caeb2-54c8-4388-9401-868d95f0fa5e
Сондай-ақ, Орталық әмбебап дүкенде жұмыс істеп тұрған асханаларға комиссия мүшелері жұмысын тоқтатуды ұсынды. Тексеру жұмыстары әрі қарай жалғасып, аталған сауда нысандары бақылауда болады.
 
 
Суреттерді түсірген Б.АХМЕТБЕКОВ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓