Елбасы бірнеше заңға қол қойды
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бірнеше заңға қол қойды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. "Мемлекет басшысы "2009 жылғы 17 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ресей Федерациясының "Байқоңыр" кешенін жалға алу жағдайында Байқоңыр ғарыш айлағының персоналына, Байқоңыр қаласының, Төретам және Ақай кенттерінің тұрғындарына медициналық қызмет көрсету тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", – делінген Ақорданың хабарламасында.
Сондай-ақ, Президент "1996 жылғы 12 маусымдағы Табыс пен мүлiкке қосарланған салық салуды болдырмау туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Өзбекстан Республикасы Үкiметiнің арасындағы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Өзбекстан Республикасының Үкiметi арасындағы хаттаманы ратификациялау туралы" Заңға қол қойды.