Арxимед Мұxамбетов: “Басшылар, шіреніп, xалықты қанауды қойыңдар!”

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов іссапармен Арқалық қаласына барды. Арқалықта қазан айында ет өңдеу кешені іске қосылады. Арқалық қаласының әкімі Елдар Күзембаевтың сөзінше, жобаның жалпы құны – 2 млрд теңге.56915773-da62-413b-9a60-9f245d079fed
60e1cf34-011c-471e-92ba-642166f0bcbf
– Қазіргі уақытта ғимараттың ішкі жұмыстары жүргізіліп жатыр. Төбесі мен сыртқы әрлеу жұмыстарын аяқтадық. Мал сою пунктіне сэндвич панельдер орнатылып, жылу және жарық жүйесі жүргізілді.Осы жылдың тамыз айында «Тобыл» кәсіпкерлікті қолдау корпорациясынан үш пайызбен несие алып, 500 млн теңгег құрал-жабдықтар сатып алынды. Оныңш ішінде Польшадан етті қайта өңдейтін құрылғы алдырдық. Құны 250 млн теңге тұрады. Енді арқалықта ет өнімдері көбейеді. Стейк, шұжық тағамдары өзімізден шығады, – деді Елдар Күзембаев.
3aee401a-7573-4f8e-8fac-ce215533bedb
Ет комбинатына Украинадан құны 42 млн теңге болатын консервілеу аппараты әкелінде. Сондай-ақ, жоба жетекшісі «Торғай-Ет» ЖШС Қытайдан консервіленген өнімді қайнатуға арналған жабық қазандық сатып алды. Бұған15 млн теңге жұмсалды.
Мал сою цехында ішек-қарын тазаланатын және тері сақтайтын қойма бар. Сиыр еті тоңазытқыштарда -36 градус температурға дейін сақталады. Айта кетейік, шұжық және консерві цехы басқа өңірлерден технологтар келген соң өз жұмысын бастайды.
72348526-614d-4078-88a8-4c1646dd6cec
Ет комбинаты тұрақты 120 жұмыс орны ашылады. Өз кезегінде Архимед Мұхамбетов жергілікті кадрларды дайындау жұмыстарына баса назар аудару қажеттігіне тоқталды. Сонымен қатар өңір басшысы қаланың басшы-қосшыларының жұмыстарын сынады.
087d74a4-8583-4cb6-91c0-a60efb246d48
"Санаулы жылдан соң ТБРУ-дың жұмысы тоқтайды, ал ғимараты бос қалмас үшін облыстағы қарқыны нашар зауыттарды Арқалыққа көшіру керек. Екінші дем беру қажет. Сондықтан тынымсыз еңбек етіңдер. Мекеме басшылары, xалықпен жақын болып, жұмыс істеңіздер. Біздегі басшылар жұмысқа отырысымен, шіреніп, xалыққа қарамай кетеді. Ондайды қою керек",-деді облыс басшысы.
Еске салсақ, Арқалықтың ет комбинаты 1997 жылы өз жұмысын тоқтатқан болатын. Былтыр индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында өндіріс орны жұмысын қайта жандандырды.
3ae743cb-7606-4e6b-bd54-2cef1aba3e98
 
Кенже Қонысбай
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓