Ұзынкөл ауданында қысқы мал азығы қамдала бастады. Ауа райының қолайсыздығынан, жем-шөп әзірлігі сылбыр жүргізілуде.
Маусым айындағы аптап ыстық пен шілдедегі шелектеп құйған ақ жауын шаруаларға айтарлықтай кедергі келтірді. Оның үстіне тамыз айының басы да жаңбырлы болды. Қазіргі таңда, аудан аумағында шөп шабу науқаны бір жүйеге келтірілуде.