Су тасқынының алдын алуға арналған сақтық шаралар

Жангелдин ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері  көктемгі су тасқынының алдын алуға бағытталған жұмыс жоспарларына сәйкес, ауыл, ауылдық округтарды аралап, жергілікті тұрғындармен кездесіп жиын өткізіп, түсінік жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ тұрғындарға екі тілде жазылған жадынамалар таратылып, олардың өзіндік ойларымен бөлісті.20160226_163632 Мамандар тұрғылықты жерлердегі су тасқыны қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көбінесе, оның алдын алу шараларына байланысты сақтық шараларын ерте қамтып, мейлінше абай болу керектігін ескертті. Сонымен қатар, аудан орталығында “Көктем – 2016” оқу жаттығу шаралары ұйымдастырылды. Аталмыш шара барысында шұғыл әрекет ету жасағының дайындығын сараптап, сынақтан өтікізді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓