Биылғы жылы білім ошақтарындағы оқу ақысы көтерілмейді. Бұл туралы ҚР білім және ғылым министрі Аслан Саринжипов Астанада өткен арнайы баспасөз маслихатында мәлім етті.
«Оқу ақысы мемлекеттік грант негізінде қалыптастырылады. Биылғы жылы мемлекет тарапынан ешбір өзгерту орын алған жоқ. Осыған сай, оқу ақысы тұрақты сақталады» – деді ол. Министрдің пайымдауынша, білім баршасына қолжетімді болуы тиіс.