“100 ЖАҢА ЕСІМ”: жастарға басымдық беріледі
«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының екінші кезеңінде жастарға басымдық берілмек. Бұл туралы жастар ұйымдарының басшыларымен кездесу кезінде «Қазақстан 2050» жалпыұлттық қозғалысы кеңесінің төрағасы Мұхтар Манкеев айтты, деп жазады Хабар 24.
Қазір «100есім.ел.кз» порталында қатысушылардан өтінім қабылдау басталды. Науқан қазан айының ортасына дейін жалғасады. Артынша, қазақстандықтар онлайн дауыс беру арқылы ел дамуына елеулі еңбек сіңіріп жүрген отандастарының жүздігін таңдайды.
«Бұл жердегі өзгеріс былтырғы жылға қарағанда, жасы 18-ге толған, әр сала бойынша өзінің жеткен жетістіктерімен мақтана алатын азаматтар қатыса алады. Ал былтырғы жылы осы азаматтар өздерін жеке тұлға ретінде ұсына алатын болса, биыл әр азаматтарды кез келген ұйым өзінің атынан ұсына алатын болады. Осындай ерекшеліктері бар», – деді ҚР ҚДМ Жастар және отбасы комитетінің басқарма басшысы Мақсат Мәжитов.