Сапасыз ба – қайтадан істе!
Міне, осындай талап-міндет жұмыстары жұғымсыз мердігерлерге жүктелді. Қостанай қаласының прокуратурасы «Жол сапасы – әлеуметтік тыныштықтың кепілі» атты жобаны орындау барысында төртінші рет тексеріс өткізіп отыр.
Тексеріс нәтижесінде сапасыз құрылыс материалдарын қолдану, асфальт-бетон төсемесі қалыңдығының жобалық құжаттарға сәйкес келмеуі, жол жөндеуге арналған құралдардың болмауы, кепілдік мерзімде тұрған жол қабатының қалыпсыздығы және өзге де көптеген ереже бұзушылықтар анықталды.
Анықталған заң бұзушылықтарға байланысты, қала прокуратурасымен қала әкімінің атына заңдылықтың бұзылуын және оған ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныс енгізілді.
Прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижесінде, ағымдағы жол жөндеу жұмыстарын қайта өткізу арқылы 137 учаскіде 13 мың шаршы метрді, қайта жөндеу объектісінде 1,7 шақырымдық асфальт төсемдері қайта жаңартылды. 3 мердігердің атына асфальт төсемін қалыпқа келтіру мәселесі туралы наразылық жолданды.
Жіберілген заң бұзушылықтары үшін жол жөндеу жұмыстарына бақылау жүргізуге жауапты Қостанай қаласы ТКШ бөлімінің 2 тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.