Елден шығарылды

5 жылдан астам жасырынып жүрген Тәжікстан азаматы Қазақстаннан мәжбүрлі түрде шығарылады.

Тәжікстан азаматы елден шығару туралы сот шешімін орындаудан 5 жыл бойы жасырынып келген. «Нелегал» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында «жалтарушыны» жергілікті көші-қон бөлімі қызметкерлері ұстап, қазір ол Қостанай қаласының арнайы қабылдау бөлмесіне орналастырылды.  28 маусымда өткен Қостанай қ. әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған сотының отырысы қаулысына сәйкес, Тәжікстан азаматы тез арада елден шығарылуы тиіс. Енді ол үшін елге кіру 5 жылға жабық. Айта кету керек,  «Нелегал»  жедел- профилактикалық іс-шарасы басталғанан беру 7 шет ел азаматы елден шығарылған. Әкімшілік жауапкершілікке 86 шет ел азаматы мен 127 ҚР азаматы тартылған.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓