Жел күшейіп, жаңбыр жауады
Синоптиктер 11-13 қыркүйекке ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Қазақстанның Қазақстанның басым аумағында жауын-шашын болып, үсік жүреді. Батысы мен оңтүстігінде ауа райы жаздағыдай жылы болса, республиканың қалған аумақтарына күз келді. 11-13 қыркүйекте солтүстік, орталық және шығыс облыстарда жаңбыр жауады, соңы қарға ұласуы ықтимал, сондай-ақ 1-3°С суық болады.
Ауа температурасы климаттық нормадан 2-4°С төмен болуы ықтимал, тек батыс пен оңтүстікте климаттық нормадан жоғары болады.