Қоғамдық пікірге жауап берді

Кешелі-бері Қарабалық ауданы орталығындағы батыр ескерткішінің құлатылғаны қоғамда қызу пікірге ұласуда. Ол 2015 жылы Қазақ Хандығының 550 жылдығына орай орнатылған еді. Мұндай келеңсіз көріністі Ержігіт Оралбеков есімді фейсбук желісінің қолданушысы өз парақшасына бөліскен. Ол туралы газет сайтында жарық көрді, мына сілтемеде –https://old.kostanaytany.kz/archives/65296.
Жұртшылықтың жағасын ұстатқан жайтқа қатысты бүгін өңірлік коммуникация орталығында арнайы брифинг өтті. Оған Қарабалық ауданының әкімі Нұржан Өтегенов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрайымы Сәуле Қабылова, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Сергей Лысоченко және қиратылған ескерткішті орнатуға кезінде мұрындық болған марқұм Асылбек Өтешовтің немересі Ержігіт Оралбеков қатысты.брифингбрифинг
Қарабалық өңірінде бұрын ұлттық нақышты айқындайтын қандай да бір ескерткіш болмаған екен. Сол себепті, 2015 жылы ауданда ардагерлер кеңесін басқарған Асылбек Өтешов Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына батыр мүсінін орнату туралы бастама көтеріп, жергілікті кәсіпкерлердің қаржылай көмек беруімен аталған мүсін бой көтеріпті. Оған бас-аяғы бір миллионға жетпейтін қаражат жұмсалған.
– Бұл Қарабалық ауданының орталығына кіреберісіндегі. Жыл мезгілдерінің ауысуына шыдас бермеген мүсін уақыт өте келе жарыла бастаған. Ол цементпен қайта сыланып, сырланып отырды. Әсіресе, тұғыры жарылып, жерге отыра берген. 2017 жылдың аяғында жергілікті басқарушы орган мен жергілікті өзін-өзі басқару құрылымдары аталған мүсінді өзгерту, жаңарту, қайтадан жаңғырту мәселесін көтерді. Биылғы көктемде қоғамдық кеңес мүшелері келісе отырып, сол кездегі аудан әкімі Арман Әлиевтің атына ұсыныс түсірді. Бұл бастама жергілікті басшылық тарапынан қолдау тауып, балшықтан соғылған шағын архитектуралық форманы заман талабына сай қоладан құйып, ескерткіш маңын абаттандыру шешімі қабылданды. Бюджеттен мұндай жұмыстарға қаржыландыру қарастырылмайтындықтан, қоғамдық қор құрылды. Бүгінгі күні Алматыда сәулетшілер келешекте орнатылатын ескерткіштегі батырдың бейнесін жасауда. Жобалық-сметалық құжатқа сай қоладан құйылған батыр бейнесінің биіктігі 4,9 метр, монолит тұғырының биіктігі 4 метр болатын ескерткіш болмақ.
Аудан әкімі шағын архитектуралық форманы орнынан алып, көшіру жұмыстары кезінде мердігер компания өрескел қателік жіберді дейді. Айтуынша, бұл жұмыс басталарда, мердігерлерге бұл мүсінді сындырмай, бүлдірмей көтеріп алу туралы ұсыныс жасаған. Ал оны кранның көтеруге күші жетпеген әрі сәлі орнынан көтергенде, мүсін жарыла бастаған. Сол кезде жұмысшылар оны арқанға салып, сүйреп құлатуға шешімге келіпті. Осы жөнінде мердігер компания басшылығына ескерту жасалған. Нұржан Өтегенов осы жайтқа байланысты аудан басшылығы атынан және мердігер компания атынан барша жұртшылықтан кешірім сұрады.
Ал Асылбек Өтешовтің немересі Ержігіт Оралбеков қиратылған мүсінде атасының қолтаңбасы болғандықтан, өзіне ыстық көрінетінін, дегенмен жаңа ескерткіш марқұм атасының еңбегінің жалғасы болатынын жеткізді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓