Үш адам суға кетті

Әулиекөл. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, ауыл іргесіндегі көлде балық аулап отырған кісі суға батады. Жақын маңда жүрген ерлі-зайыпты мен тағы бір ер кісі балықшыны құтқармақ ниете суға түскен. Десек те, олардың екеуі қайтып жағаға шыға алмапты. Тек, әйел ғана ажалдан аман қалған. Нәзік жан иесі аудандық ауруханада ем қабылдауда. Суға кеткен екі кісінің мәйіттері табылды. Енді бірі іздестіріліп жатыр.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓