Туризмнің тасы өрге домалады

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК басшысы Ахметжан Есімов көрме барысында алға қойылған қандай мақсаттар орындалып келе жатқанын айтып, халықаралық шараның жетістіктерімен бөлісті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. ес3мовКомпания басшысы бұл туралы көрменің үш миллионыншы мейманының келуі құрметіне орай БАҚ өкілдеріне ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында баяндады.
«Көрмеге келушілердің саны артып келеді. Біз миллионыншы мейманды тура бір ай күтсек, 2 миллионыншы келушіні 24 күн, 3 миллионынша қонақты 21 күн күттік. Халықаралық көрме бюросы бізге көрменің аяғында келушілердің саны артатынын айтқан болатын. Өзіміздің болжаған жетістіктерімізге қол жеткіздік. Көрме толығымен үмітімізді ақтады. Біздің Президентіміздің жақында берген сұхбатын тыңдасаңыздар, бұл туралы айтылды. Болжам орындалды. Әсіресе, шағын және орта бизнес саласында жұмыс орындары көбейіп, бір апта бұрын «ЭКСПО-2017» көрмесін ұзарту туралы ұсыныс та келіп түскен еді. Қонақүйлер мен ресторандардың саны артты. Жолаушыларды тасымалдау да қарқынды», – дейді Ахметжан Есімов.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта туроператорлардың жұмысы қауырт. Сонымен бірге, Ахметжан Есімов туроператорлардан келіп түскен өтініш неліктен орындалмайтынын түсіндірді.
«Әлбетте, біз өтінішке жауап бердік. Халықаралық көрмелер бюросы бекіткен үш айлық регламент және әлемдік мемлекеттердің дәл осы көрмеге бөлген қаражаты бар. Сондықтан, шараны ұзарту мүмкін емес, Десе де, әлем елдерінің павильондарын 10 қыркүйекке дейін тамашалауға мүмкіндік бар екенін айтқым келеді. «Нұр Әлем» аталатын Қазақстанның павильонына 1 миллион адам келген. «Эйфель» мұнарасын жылына 7 миллион адам тамашалайтынын ескерсек, «Нұр Әлемнің» жаңа туристік нысан ретінде бұл көрсеткіші бізді қуантады. Көрменің басты мақсаттарының бірі елімізде туризмді дамыту еді. «ЭКСПО-2017» туризмнің тасын өрге домалатты», – деп түйді «Астана ЭКСПО-2017» ҰК басшысы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓