Емханалар есігі ашық
Ол үшін Сіз ауруханаға келіп өтініш жазуыңыз қажет немесе үйде отырып-ақ “электрондық үкіметтің” веб-порталы арқылы тіркеле аласыз.
Жылдағыдай, 15 қыркүйек пен 15 қараша аралығында ел бойынша емханаларға тіркелу науқаны жүргізіледі. Осы уақыт ішінде әр азамат өзінің қалауымен бір медициналық мекемеден шығып, екіншісіне тіркелу құқығына ие бола алады. Бұл үшін емханаға жеке куәлікпен барып, өтініш жазасыз. Неліктен басқа емханаға ауысып жатқаныңыз туралы ақталудың да қажеті жоқ. Егер бос уақытыңыз болмаса, тіркелуді “электрондық үкіметтің” веб-порталы арқылы өз үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ жүзеге асыра аласыз. Сонымен қатар, биылдан бастап Қазақстан аумағында тұрақты тұратын шетел азаматтарына да тіркеу құқығы беріліп отыр.
Жалпы, медицина қызметкерлері азаматтарға өз аудандарында орналасқан емханаларға тіркелуге кеңес береді, себебі бұл учаскелік дәрігерлер үшін де тиімді.