Жылу есептегіштері орнатылуда
Арқалық қаласындағы көп пәтерлі баспаналарға ортақ жылу есептегіш құралдары орнатылуда. Игі шара облыс орталығынан келген білікті мамандардың қатысуымен жүзеге асырылып жатыр.
Сараптама көрсеткеніндей ортақ жылу есептегіш орнатылған Әуелбеков көшесі №16-шы үйдің тұрғындары 2013-2014 жылу маусымында өз қаражаттарын орта есеппен 31-32 %-ға дейін үнемдеген.

Өткен жылы қалада ортақ жылу есептегіштерін орнату үшін 16 келісім-шарт жасалған болатын. Биыл тағы 42 үйге қаржы бөлініп отыр. Мұның сыртында кондоминиум арқылы жаңғыртылып жатқан 11 үйге де есептегіш құралдары орнатылмақ.
Мұрат
ЖҮНІСҰЛЫ
Арқалық қаласы.