Балаларынан бас тартқан

Қостанай облыстық ювеналды полиция қызметкерлері «Жасөспірім» профилактикалық іс-шарасын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Жасөспірім» профилактикалық іс-шарасы басталған осы апта ішінде 236 жасөспірім ІІД қызметкерлерінің назарына ілікті. Оның ішінде 192 жас әкімшілік заңбұзушылыққа жол берген. Сондай-ақ, ата-анасының бақылауынсыз түнгі уақытта көшеде жүрген басқа балалар да тексерілді.
«Балаларын тәрбиелеуден бас тартқан 18 ата-анаға қатысты әкімшілік іс қозғалды. Жалпы, рейд барысында кәмелет жасына толмаған 173 бала түн уақытында ата-анасының бақылауынсыз қыдырып жүрген. Бұған қоса, жасөспірімдерге алкоголь өнімдері мен темекі сатқан 11 ересек адамға айыппұл салынды», – деді ІІД баспасөз қызметіндегілер.
Рейд кезінде кәмелет жасына толмаған 27 бала тіркеуге алынды. Тексеру барысында ювеналды полиция қызметкерлерімен бірге облыстық білім басқармасының мамандары да болды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓