Жаңа басшы тағайындалды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қостанай облысы бойынша департамент басшысы тағайындалды.
Бүгін әкімдікте өткен аппарат отырысында облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қостанай облысы бойынша департамент басшысын таныстырды. Бұл қызметке Сергей Потанин келді. 
Сергей Александрович 1976 жылы туған. Бұрынғы Қарағанды МТК Жоғарғы мектебін заңгер мамандығы бойынша тәмәмдаған.   
Әр жылдарда Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департамент басшысы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департамент басшысы, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шығыс Қазақстан облысы бойынша департамент басшысы қызметтерін атқарды. 
ІІ дәрежелі «Айбын» орденінің иегері.
 
Қостанай облысы әкімінің 
баспасөз қызметі

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓