Ауған соғысының ардагері
Биыл Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 25 жыл толды. Осынау мерейлі мерекеге орай аудан орталығында Ауған соғысының ардагерлеріне арналған ескерткіш тақта ашылды. Бұл құрметке ерекше қуанғандардың бірі – Жамбыл Бауденов.
Кезінде батырлық үлгісін көрсеткен комсомолдық Жамбыл Байзанұлы 1980 жылы Ауған жеріне Отандық борышын өтеуге шақырылды. Оның айтуынша, біздің азаматтарымызға жат елдегі отты жылдар қиын болған. Бірақ, соған бойдағы Отансүйгіштік, патриоттық қасиеттердің басымдығының арқасында төзе білген.
Жалындап тұрған жастық шағында жат елге жол тартқан Жамбыл Бауденов интернационалдық борышын Ауғанстанның Багран жерінде атқарды. Ол алдымен, авиациялық механик болып, одан кейін рота мен аэродромды күзетті.
– Отты жылдарда оққа қарай ұмтылу оңай емес. Ауған жеріне Отан алдындағы борышын өтеуге кірген жас солдаттар бастарынан небір ауыртпалықты өткізді. Кеше ғана мектеп қабыр-ғасында отырып, қалам ұстаған балалар Совет өкіметінің үлкен саясатының салдарынан автомат ұстауға мәжбүр болды.
Соғыста жүргенде туған жеріңді, ауылыңды, соғыстан аман келуіңді тілеп, күтіп жүрген ата-аналарын, бауыр, қарындастарынды қатты сағынасың, – дейді ауған соғысының ардагері ағынан жарылып.
1982 жылы әскери борышын өтеп, туған жеріне аман-есен оралған Жамбыл Бауденов бүгінде туған ауылында еңбек етіп келеді. Бірге соғыста болған жауынгерлермен жиі кездесіп тұрады. Ауыл мектебінің ұстаздары жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беруде жүргізген тәрбие сағаттарына Ауған соғысының ардагерлерін шақырып, құрмет көрсетіп тұрады. Адал еңбегінің арқасында бүгінде ауылдағы сыйлы азаматқа айналды. Мәртебелі мерекелік медальдардың иегері.
Бүгінде Құдай қосқан қосағы Әлия екеуін бақытты отбасы деп айтуға әбден болады. Ынтымағы жарасқан шаңырақта асықтай Диас, Нұрсұлтан сынды екі ұлды тәрбиелеп отыр.
Руслан ӘЛКЕЕВ.
Сарыкөл ауданы.
~~Ауғанстан дақтары
Аза тұттық «ауғанды»
«Ауған» деген жалғанды.
Қаза құшып Ауғанда
Талай қыршын жан қалды.
Қорғар пенде отанын,
Жерін, үйін, ошағын;
Ауғанменен соғыстың
Сырын не деп ашамын?
«Ауған-ауыр аманат»-
Адамзаттан салауат;
Мерт болғанға – «бір минут»,
Тірілерге- мақтау хат.
Елді алдау-ермегі,
Өзге өмір көрмеген,
Біреу тақты өзіне
«Ерлік үшін» орденін.
Ардагерлер- «ауғандар»,
Үнсіз, іштей тынғандар
Түк айтпады тағы да-
Бәлкім онда бір мән бар?..