Ауылға ауыз су келді

Федоров ауданының Баннов, Чехов ауылдарында су тарату желілері мен жабдықтау нысаны қолданысқа берілді.
ҚР Тәуелсіздік күні қарсаңында Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары Ғ.Нұрмұхамбетов Федоров ауданының Баннов және Чехов ауылдарына іссапармен барды. Аталмыш елді мекенде орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесі іске қосылды. Жоба тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жүзеге асып отыр. Бұл бағытқа бюджеттен 1,6 млрд теңге бөлінді. Бұған дейін ауыл тұрғындары ауыз суды құдықтан алып жүрген болатын. Енді ауылдықтар орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесі арқылы сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді.
Мемлекет басшысы 2025 жылға дейін еліміздің барлық халқын сапалы сумен қамтамасыз етуді тапсырды. Бұл басым міндеттердің бірі. Тұрғын үй-коммуналдық дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер», «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде биыл ауылдарда сумен жабдықтаудың 32 объектісі іске қосылды. Бұл жағдайға бюджеттен 9,7 млрд теңге бөлінген. Биылғы жылдың қорытындысы бойынша ауылдарды сумен жабдықтау қызметтерімен қамтамасыз ету облыс бойынша 64,7%-дан 75%ға, ауылдар 36,1% – дан 59,8% – ға дейін ұлғайған.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓