Облыс әкімі мерекемен құттықтады

архимедҚұрметті қостанайлықтар!
Сіздерді еліміздің елеулі мерекесі – Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Конституция – мемлекет тәуелсіздігі мен тұтастығының, азаматтарымыздың құқықтары мен бостандығының кепілі. Ата заңымызға арқа сүйей отырып, Қазақстан халықаралық аренада беделі жоғары, экономикасы мығым елге айналды. Еліміздің басты құжаты осы жылдар ішінде мемлекеттілікті нығайтып, экономикалық өсімді қамтамасыз ете білді және қазақстандықтардың өмір сапасының артуына негіз болды.
Бүгінде біздің алдымызда Президенттің бес әлеуметтік бастамасы сияқты ауқымды тапсырмаларды мүлтіксіз іске асыру міндеті тұр. Бұл ретте Ата заңымызды басшылыққа ала отырып, біздің облыс әлеуметтік-экономикалық даму саясатын жандандырып, тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға бар күш-жігерін арнап келеді. Конституциямыздың әлеуетін пайдалану арқылы біз Қостанай өңірін барынша тартымды, өмір сүруге қолайлы ете аламыз деп есептеймін.
Ата заңымыздың нормалары мен қағидаларын қатаң ұстана білу және оған құрметпен қарау – біздің әрқайсымыздың асыл парыз, адал міндетіміз. Осы жолдан жаңылмаған жағдайда ғана біз алға қойған барлық талап-тілектеріміз бен мақсаттарымызға қол жеткіземіз.
 
Қадірлі жерлестер!
Бүгінгі мерейлі мерекеде баршаңызға зор денсаулық, береке-бірлік, егемен еліміздің игілігі жолындағы еңбектеріңізге табыс тілеймін! Ата заңымыздың абыройы асқақ, мемлекетіміздің мерейі үстем болсын!
Конституция күні құтты болсын!
 
Қостанай облысының әкімі А.Мұхамбетов

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓