Облыста орақ маусымы басталды

Облыс бойынша 4,6 млн гектар алқаптан астық жиналады. Қазіргі таңда 120 мың гектар жерге орақ түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазіргі таңда бар болғаны 120 мың гектардың астығы орылды. Облыс бойынша астық жиналатын алқаптың көлемі 4 млн 600 мың гектар. Барлық өңірде егін орағы жүмыстары басталды», – деді облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының Егіншілік және үдемелі технологиялар бөлімінің басшысы Сәлімжан Есенаманов.
Жалпы облыстың ауыл шаруашылығы саласындағы қызметкерлеріне 4,1 млн гектар жерден дәнді және бұршақ дақылдарды жинауға тура келеді. Сондай-ақ, 3,4 млн гектар алқаптан бидай, 429 мың гектар жерден зәйтүн дақылдарын жинайды. Бүгінде оңтүстік өңірлердегі дәнді дақылдардың өнімділігі – 6-8 ц/га,ал солтүстік аймақтарда 12-14 ц/га болады. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓