Құтқарушы қаза тапты

Дабыл жергілікті өрт сөндіру бөліміне 9-шы қараша күні таңертең түскен. Құтқарушылар жасағы уақыт оздырмай оқиға орнына келеді. От қауіп-қатер ауқымын ұлғайтып, қарқынды тарап, жан-жағын жалмап жатты.imgҚарауыл бастығы, өртке қарсы қызмет капитаны Иманбаев Мақсұт басқа өрт сөндірушілермен бірге жанып жатқан үйге кірген. Құтқарушылар оттан үй иесін құтқарып үлгерді. Алайда өршіген өртті сөндіру кезінде газ баллоны жарылып, капитан М.Иманбаев ауыр жарақат алады. Жедел-жәрдем шақырып, Жітіқара қаласының қалалық ауруханасына алып бара жатқанда  «жедел көмек көрсету» бригадасы оның мерт болғанын хабарлайды. 
Өртке қарсы қызмет капитаны Мақсұт Сансызбайұлы Иманбаев 46 жасында өмірден өтті. Оның артында зайыбы мен екі кәмелеттік жасқа толмаған балалары қалды.  Ол  өрт сөндіру істерінде он төрт жыл қызмет етті. 
Департаменттің барлық жеке құрамы марқұмның отбасына қажетті көмек көрсетіп және туғандары мен жақындарының қайғысына ортақтастығын білдірді.
             
Қостанай облысы ТЖД Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓