Электр жарығы сөндіріледі

Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлайды. Қостанайдағы бірнеше көшелерде электр энергиясы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты, соның ішінде ағаштарды кесу үшін, 6-10 ақпан күндері аралығында уақытша сөндіріліп отырады. свет
6-8 ақпан аралығында электр жарығынан сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін ажыратылатын көшелер: Сералин көшесі, 4, Садовая көшесіндегі 1-222 үйлер аралығы, Беда көшесіндегі 95-113 және 131-145 үйлер, Комаров көшесіндегі 116-134, 71-112 үйлер, Соколовский көшесіндегі 2-16 үйлер.
6-10 ақпан аралығында таңғы сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін Киевский көшесіндегі 1-10 және 1/1-11/2 аралығындағы үйлерде жарық болмайды.
6-7 ақпан аралығында таңғы сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін "Астықжан" СО артындағы жеке секторлар да жарықтан ажыратылады.
7 ақпан күні сағат 9.00 мен 17.30 аралығында Чехов көшесіндегі №96, 100, 102 үйлерде, әл-Фараби даңғылы бойындағы 101-ші, 1 май көшесіндегі 99-үйде, №1 орта мектепте электр жарығы сөндіріледі.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓