2 киік өлтіріп, 2 жылға сотталды

"Қызыл кітапқа" енген екі киікті көлікпен соққан қостанайлық тұрғын 2 жылға сотталды. Оның орман шаруашылығына келтірген шығыны 6 млн теңгеден асады.images
Өткен жылы 36 жастағы қылмыскер Науырзым ауданының Өлеңді ауылы маңында "Нива" маркалы көлігімен дала жолымен келе жатып, жайылып жүрген 4 киікті қуа жөнеліп, екі жануарды қағып өлтірген. Қылмыскер досы екеуі заңсыз "олжаларының" ірірегін көлік багажына тиеп алып, екіншісін сол жерге тастап кеткен. Осы уақытта жақын маңнан өтіп бара жатқан Науырзым ауданының тұрғыны "Нива" автокөлігі жүргізушісінің екі киікті қалай соғып алғанына куә болады. Ол қылмыскерлердің соңына түсіп, болған жайды полицияға хабарлап айтқан. Тәртіп сақшылары күдіктілерді көп ұзатпай қолға түсіреді.
Науырзым ауданының Полиция бөлімі күдіктілерге қатысты ҚР ҚК 337- бабы ("Заңсыз аң аулау") бойынша тергеу жүргізді. Аудандық соттың үкімімен Қостанай қаласының тұрғыны екі жылға бас бостандығынан айырылды.
Естеріңізге сала кетейік, киіктер сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар жануарлар қатарына жатады.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓