“Жетісуды” жеңді (БЕЙНЕШОЛУ)

Қазақстан чемпионатының 22-турында Қостанайдың "Тобылы" өз алаңында Талдықорған футболшыларын қабылдады.h0UoWGCw1yAАлаң иелері алғашқы минуттан бірінші нөмірмен ойнады. 7-минутта Хуан Лескано айып алаңына еніп, Дарабаевқа пас берді. Қостанайлық допқа жанаса алмады. Гол соғатын мүмкіндікті Лесканоның өзі мүлт жіберді. Команда капитаны Азат Нұрғалиев Самат Жарынбетовті тура паспен тапты. Соңғысы допты Хуан Лесканоға жалғады. Қақпашымен бетпе-бет қалған аргентиналық қиыс тепті. 
Екінші таймда алаңға "Тобылдың" жаңадан келген футболшысы Йонуц Ларие шықты. Ол литвалық легионер Артурас Жулпаны алмастырды. Қостанайлықтардың оң қапталы белсенді. Кездесудің 57 минутында Хуан Лескано айып алаңына пас берді. Доп талдықорғандық қорғаушыдан серпіліп, Аслан Дарабаевтың алдына түсті. Дарабаев жақын тұстан қателеспеді. 1:0!
Гол соғып алған алаң иелері қорғанысқа көшті. Тіпті, шабуылшыларға жақын жүрген Аслан Дарабаев қорғаушыларға дем беріп жүр.
Осылайша, кездесу "Тобылдың" жеңісімен аяқталды. 
 
 
"Тобыл" ФК баспасөз қызметі

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓