3 жұмысшы қаза тапты
(иллюстрациялық сурет)
"Теміржол Су – Қостанай" ЖШС-нің 4 жұмысшысы су айдаушы мұнараның тесіліп қалған су желісіне жөндеу жүргізуге барған.
"4 жұмысшы техникалық құдыққа түскен. 17.00-де шебердің, жүргізушінің және слесарь-жөндеушінің мүрдесі соның ішінен табылды. Жалғыз тірі қалған газ-электр дәнекерлеуші ауруханаға жеткізілді. Жағдайы бір қалыпты. Сараптамалық жұмыстар жүргізіледі", – деп мәлімет берді облыстық Еңбек инспекциясы басқармасы бастығының орынбасары Бақытжан Мақаев.
Арнайы комиссия құрылып, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Құрамында тиісті мамандар, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметкерлері бар.