Күдікке ілінді
Қостанай облысының білім басқармасына қарасты "Ақпараттандыру және білім сапасын бағалау орталығы" коммуналдық мекемесінің басшысы пара берді деген күдікке ілікті.
Қостанай облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Ақпараттандыру және білім сапасын бағалау орталығы" КММ басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Мекеме басшысы мемлекеттік сатып алу конкурсын ұтып алған коммерциялық ұйымға келісімшарт бойынша бөлінген 158 млн теңге қаржының аударымын жеделдету үшін қалалық білім бөлімінің лауазымды тұлғасының жеке есепшотына 9 млн теңгеден астам ақша аударған.
-Мекеме басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктінің кінәсін сот анықтайды, – деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің бас маманы Евгений Бедыч.
Айтолқын АЙҚАДАМОВА