Сегіз айдың есебі

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтің төрағалығымен «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтті. Жиында 2021 жылдың басынан бері облыста «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасын іске асыру мәселесі қарастырылды.2021 жылдың 8 айында облыстық және аудандық Жол карталарының 734 пункті, оның ішінде облыстық Жол картасының 39 пункті іске қосылды.
Мысалы, «АгромашХолдинг KZ» АҚ бизнес-инкубаторы базасында ауыл шаруашылығы техникасын, автокомпоненттерді өндіретін 450 жұмыс орнына шақталған оқшаулау орталығын техникалық іске қосу жүзеге асырылды. Бұл туралы филиал төрағасының бірінші орынбасары Бибігүл Аққожина баяндап берді.
"СарыарқаАвтоПром" ЖШС-де  "KIA" автомобильдерін құрастыру басталды және жұмыс істеген кезеңде 6 067 көлік құрастырылған. Студенттердің оқуына және өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау мақсатында Қостанай жоғары медициналық колледжі жанынан 250 орындық жатақхана пайдалануға берілді және маусым айында Қостанай автомобиль көлігі колледжі жанынан 500 орындық жатақхана ашылды. Қостанай қаласының «Юбилейный» шағын ауданында 1200 орындық мектептің құрылысы аяқталды, учаскелік полиция пункті ашылды. Балаларды мектептерге қауіпсіз тасымалдауды ұйымдастыру мақсатында осы жылы 18 автокөлік сатып алынды. Қарасу ауданының Қарасу ауылында барлық қажетті құралдармен жабдықталған 320 орындық мектеп салынды", – деді Б.Аққожина жыл басынан бері атқарылған жұмыстарға тоқталып.
Сондай-ақ, ол "ФортунаМед" ЖШС базасында 2021 жылдың наурыз айында медициналық жабдықтар мен оңалтудың техникалық құралдарын өндіретін цех ашылғанын тілге тиек етті. АӨК саласында Қарабалық ауданында бройлер құс фабрикасын ұйымдастыру аясында "Poultry-Agro" ЖШС жобасы іске асырылып, 260 жұмыс орны құрылғанын айтты. Мұнымен қоса, Ұзынкөл ауданында сүт-тауар фермасы іске қосылған. Мұнда 12 жаңа жұмыс орны құрылған, жылына 2,2 мың тонна сүт өндіріледі. Жалпы, жыл басынан бері жол картасы аясында 17,030 мың жұмыс орны құрылыпты, оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына 10,888 адам тартылған."297,1 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 2 366 пәтер салынды, – деп жалғастырды Б.Аққожина. – 5 спорт нысаны салынды, атап айтқанда, Рудный қаласында "Фитнес-премиум" спорт кешені, Қостанайда бокс мектебі, Амангелді ауданында жүзу бассейні, Лисаков қаласында теннис орталығы, Сарыкөл ауданының Тимирязев ауылында хоккей корты пайдалануға берілді. Мұның сыртында, 178,3 км сумен жабдықтау объектілері салынды, 59,6 км газбен жабдықтау нысандары пайда болды. Салынған және жөнделген автокөлік жолдарының жалпы ұзындығы – 195 км".
Биыл басқа да көптеген жаңалық күтіп тұр. Атап айтқанда, Ұзынкөл және Жангелдин аудандарында дене шынықтыру-сауықтыру кешендері ашылып, Алтынсарин ауданында газ құбыры, Федоров ауданында су құбыры жүргізілмек. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓