Жанкелдин ауданы жаңаруда

Жанкелдин ауданының жыл сайын келбеті жаңарып келеді. Аудан орталығының бүгінгі көрінісіне көз тояды. Мұндағы барлық әлеуметтік нысандар мен жекенің меншігіндегі ғимараттар да сыртқы келбетіне аса мән беруде. Оның бірден бір себебі – биыл Жанкелдин ауданына 90 жыл және аудан тұрғындарының өз туған жеріне деген құрметінен болып отыр.     
Жалпы аудан бойынша 84 дүкен бар, оның 48-і Торғай селосында  орналасқан. Оның ішінде 44 дүкен қазіргі таңда өз жұмысын тоқтатпай жүргізіп отыр. 13 дүкен  заманауи  жөндеуден өтіп,  сырты  сән  беріп  алыстан  көз тартады. Солардың қатарына  жақында “Олжа” дүкені де қосылды.IMG_1768
– Дүкеннің жөндеу жұмыстарына 2 млн 600 мың теңге көлемінде қаражат жұмсалды. Ғимараттың сыртын, төбесін заманауи материалдармен қаптап, терезесі ауыстырылды. Оның сыртында 500 мың теңгеге  ақшасын  төлеп құрылыс жұмысына  адамдар жалдадық. Бір айдан аса уақыт  ішінде толық  жөндеу жұмыстарын  жасап бітірді. Ауданымыздың мерей тойы аталып өткелі жатыр,  сол  себепті  орталық  алаңда орналасқан ғимарат болғандықтан  жөндеу  жұмыстарын  жүргізуді  жөн санадық. Туған жеріміз жайнап тұрса, жанымыз жадырап қалады. Той қарсаңында сырттан құрметті қонақтар келеді, сондықтан біз туралы жақсы пікірмен қайтса дейміз,-дейді “Олжа” дүкенінің иесі, жеке кәсіпкер Гүлнәр Аңсағайқызы.
Расымен де, аудан  орталығында  орналасқан  үлкен ғимараттың көркі алыстан менмұндалап, көз  тартып тұр. Дүкеннің іші кірсе шыққысыз, ондағы  тауардың  көптігі, бағасы, халық көңілінен шығады. Іздегеннің  бәрін табуға болады. Сонымен қатар, келген  тұтынушылар үшін қолайлы жағдай жасалған. Дүкен ішінде салқындатқыш жұмыс істеп  тұр. Аталмыш  дүкеннің екінші бөлігі белгілі кәсіпкер Айгүл Құлтанованың иелігінде. Дүкен иесі тамыз айының ортасында күрделі жөндеу жұмыстарын жүргүзетінін айтты. 1 млн теңге қаражат жұмсап, қажетті материалдарды алдыртып та қойған екен. Дүкеннің сыртын қаптап, әйнтектерін жаңартпақ.
Аудан жұртшылығы алдағы мереке қарсаңында бұнымен тоқтап қалмақ емес. Жангелдин ауданының 90 жылдық мерейтойына орай көптеген игі істер бастау алып,  шалғайдағы аудан көркейіп жатыр. Мысалы, мұнда әр жылғы туған азаматтар ұжымдасып, Торғайдың көркеюіне белсене атсалысуда. Айтулы мерейтой қарсаңында   ауданның егін шаруашылығын дамытып отырған белгілі шаруа қожалығының иесі  Қайрат Раисов  Ы.Алтынсарин  көшесінің  екі жағына жаяу жүргіншілер жолын жасауға демеушілік көрсетті.IMG_1784
Торғай ауылы әкімінің орынбасары Ернұр Біржікеновтің айтуынша, бір айдың  көлемінде  жұмыс барлық жасалынып, жаяу жүргіншілер жолы төселді. Игілігін ел көруде.                             
-Қайрат Раисов жаяу жүргіншілер жолын салуға қажетті барлық  құрылыс заттарын жеткізіп берді. Жұмыстың жасалуына аудандық бюджеттен 3 миллион  теңге  бөлініп, жеке кәсіпкер Аян Қосқолов мердігер атанды. Жан-жағындағы шарбақтары темірмен ауыстырылып, жаңартылып, сырланды. Жолдың жалпы ұзындығы екі жағын қоса есептегенде, 500 метрді, ені 1м 20 см құрайды. Қоршаудың биіктігі – 1 метр. Алдағы уақытта орталық көшелерге де осындай жұмыстар жасалады деп күтілуде,”- деді ауыл әкімінің орынбасары Ернұр Отаралыұлы.
Торғайлықтарыдң қуанышына орай күре жол да жалғасын тауып, жаңарып келеді. Биыл Торғайдан Арқалық бағытына қарай баратын тас жолдың 48 шақырымына қайта асфальт төсеу үшін облыстық бюджеттен 1 500 000,0  млрд қаржы бөлінген. Тендр арқылы ұтысқа түскен мердігерлердің арасынан Арқалық қаласындағы “Алюминстрой” жауапкершілігі шектеулі серіктестік баға мөлшерін 750 000 млн теңгеге төмендетіп, тендір жеңімпазы атанды.IMG_1496
Бүгінгі күні қайта асфальттау жұмыстары қызу жүріп жатыр. Айта кету керек, бұл жоба келер жылы да жалғасын табады. Егерде жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер мерзімінен бұрын аяқтаса, 2019 жылға қаралған қаржы есебінен жұмыстарын одан әрі жалғастыруға мүмкіндік бар.
Соңғы екі жыл көлемінде облыстағы билік өкілдері әрі елжанашырлары шалғайда жатқан Жанкелдин ауданына назар салып, жергілікті тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін ескеріп келеді. Жұмыс жемісін беріп жатыр.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓