Марек Зуб – “Тобыл” тізгіншісі

Бүгін "Тобыл" командасына жаңа бас бапкер келді. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.бапкер
Марек Зуб қостанайлық клубпен жыл аяғына дейін келісім-шарт жасасты. Дегенмен, екі тарап бұл келісімді бұза алады. 

Марек Зуб поляк тілінен бөлек, орыс тілін жетік меңгерген. Осы уақытқа дейін ресейлік «Салют-Энергия», «Краснодар», «Спартак-Нальчик», «Салют» (Белгород), «Металлург» (Донецк), «Анжи» (Махачкала) және «Кубань» клубтарын жаттықтырған.

Бүгін Марек Зуб футболшылармен танысты, түстен кейін жаттығу жұмыстарына қатысады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓