Құрылыс қарқынды жүріп жатыр

Бүгін өңір басшысы Архимед Мұхамбетов облыс орталығындағы құрылыс нысандарын аралады.
Ол әуелі Гашек көшесіндегі футбол академиясының базасымен танысты. Жалпы, бұл көше бойында жаңа ауыр атлетика және "Арлан-2050" сияқты спорт кешендері орналасқан. Солардың қатарын УЕФА-ның барлық талаптарына сай футбол академиясы толықтырып тұр. Бұл аяқдоп мектебі "Тобыл" футбол клубына тиесілі болмақ.e3a26269-6b77-4b10-8252-6814912d8f45
 
2ad6972a-d193-4dfe-8909-e0b35a011308Бұл нысан құрылысына 917 605 620 теңге бөлінген. Құрылыс өткен жылдың желтоқсан айында басталған болатын, бас мердігер биыл қазан айында толықтай тапсыруға уәде етіп отыр. 
-Балалардың жатақханасы, ондағы спорт зал толықтай аяқталды. Жаттығу жабдықтарымен қамтылған. Даладағы қос алаңның бірі жасанды, біріне табиғи шөп төселген. Автоматты суару қондырғысы орнатылған,-дейді қала әкімінің орынбасары Айдар Хусайнов.
Мұнда әлемдегі нөмір бірінші спорт түрімен шұғылдану үшін керектінін бәрі бар. Алдағы оқу жылынан бастап жас аяқдопшыларды қабылдауға әзір. Футбол академиясының сапасына белгілі футболшы Нұрбол Жұмасқалиев та жоғары бағасын берді. Әзірге футбол академиясы еліміз бойнша Алматының "Қайрат" клубында ғана бар.0ac99a46-0c74-4d5e-ba3b-3db93bb81cea
Өңірдегі футболды дамытуға көп күш жұмсалуда. Соның айқын дәлелі ретінде Қостанайдағы футбол манежінің құрылысын айтуға болады. Бұл биыл қаңтар айында басталған еді, ағымдағы жылдың желтоқсанында іске қосылады. Құны – 4 262, 617 млн теңге. Сыймдылығы – 3000 орындық. 
Жабық алаңда халықаралық деңгейдегі спорт бәсекелерін өткізуге болады. Бұдан бөлек, қала және облыс көлеміндегі басқа да іс-шараларды ұйымдастыру үшін қолайлы.60f0bd49-6ab9-4b85-932b-9019ddf73a76
40615cf1-5812-4bc7-8da8-1a2a51251c4f
Облыс әкімі бұдан соң қаланың екінші бөлігіне ат басын бұрды. Қостанай-2 ауданындағы құрылыс жұмыстары да қарқынды жүріп жатыр. Мәселен, қаланың осы бөлігінде жаңа ұлттық мәдени орталық пен облыстық сот ғимараты және SmartОрталық, мұз айдыны, емхана мен мектептер салынып жатыр. Сондай-ақ, 22 тұрғын үйдің қабырғасы қаланды. Жоспар бойынша бас-аяғы 51 баспана бой көтермек.92fff32d-e7e0-4581-96c9-8ea3037d3b6c
Мың адамға арналған ұлттық мәдени орталық биыл желтоқсан айында қолданысқа беріледі. Оның құрылысына 1,8 млрд теңге жұмсалып отыр. Екі концерт залы және бес өнер студиясы бар. Облыстық филармониядағы барлық өнер ұжымын қамтыған.
Облыс басшысы "Юбилейный" шағын ауданындағы баспана құрылысын жүргізіп жатқан мердігерлермен кездесті. 
-Елбасының "7-20-25" бағдарламасы құрылысқа қарқын берді. Биыл облысқа 26 млрд теңге көлемінде қаржы бөлінді. Бірақ бұнымен тоқтап қалмаймыз. Өңірдегі тұрғын үй мәселесін реттеу керек. Үлкен құрылыстарды қолға алатын кез келді. Біз қағаз жүзінде ғана жұмыс істейтін адам емеспіз, іргелі істерімзді ел көріп отыр,-деді облыс әкімі.34008f17-f636-4d1d-b48d-c5c324821904
Сонымен қатар "Озат" IT мектебінің құрылысымен танысты.Биылғы оқу жылында мұндағы оқушыларды көптеген жаңалық күтіп тұр. Мектеп диреткоры Ерлан Бекішовтің айтуынша, мектептің бірінші қабаты тегіс ІТ технологияларға арналған. Қазір жаңа жабдықтарды күтіп отыр. Мұнда мобильді касса, күн көзінен қуат алатын батареялар және 3D модельдеу әдісін меңгеру үшін жағдай жасалады. 576e63c6-bf4d-4894-b71c-a0fc20415742
-Биыл оқушыларға робот сабақ беретін болады. Бұл құлтемір қисынға сай әңгіме-дүкен құра алады. Оқушылардың кез келген сұрағына жауап беруге мүмкіндігі бар. Алдағы аптаның ішінде ол робот Қостанайға келеді,-дейді директор.
Сондай-ақ,  "Озатта" киноматография мен анимация студиясы және киберспортқа арналған кабинет ашылады. Мектептің төменгі қабатында LED-экран орнатылады. Онда оқушылар өздерінің жобаларын және сабақ кестесін көре алады.
Облыс басшысы қала әкімі Базыл Жақыповпен бірге "Қостанай аулалары" бағдарламасы аясында №2, 9 шағын аудандарындағы аула жұмыстарымен танысты. Мұнда 20 млн теңгеге спорт жабдықтары және балаларға арналған ойын алаңдары салынған. Алдағы уақытта қала аулаларын тегіс жаңарту жоспарда бар.
0bb61540-5574-40ed-8869-72a221d29cd6
ecfb6529-59a5-4082-83d8-5d9f750ed810
Суреттерді түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓