Қостанайда робот сабақ береді

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов "Озат" IT мектебінің құрылысымен танысты.Биылғы оқу жылында мұндағы оқушыларды көптеген жаңалық күтіп тұр. Мектеп диреткоры Ерлан Бекішовтің айтуынша, мектептің бірінші қабаты тегіс ІТ технологияларға арналған. Қазір жаңа жабдықтарды күтіп отыр. Мұнда мобильді касса, күн көзінен қуат алатын батареялар және 3D модельдеу әдісін меңгеру үшін жағдай жасалады. 576e63c6-bf4d-4894-b71c-a0fc20415742

-Биыл оқушыларға робот сабақ беретін болады. Бұл құлтемір қисынға сай әңгіме-дүкен құра алады. Оқушылардың кез келген сұрағына жауап беруге мүмкіндігі бар. Алдағы аптаның ішінде ол робот Қостанайға келеді,-дейді директор.
Сондай-ақ,  "Озатта" киноматография мен анимация студиясы және киберспортқа арналған кабинет ашылады. Мектептің төменгі қабатында LED-экран орнатылады. Онда оқушылар өздерінің жобаларын және сабақ кестесін көре алады.
Цифрландыру аясында Қостанайда биыл SmartОрталық пен "ақылды үйлер" бой көтермек.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓