Сырқат саны – 53
Қостанай қаласында коронавирустық инфекцияның 3 жағдайы тіркелді. Індет жұқтырып алғандар 1972, 1974 және 1978 жылғы, Теңіз кен орынынан келген қызметкерлер. Аталған тұлғалар осының алдында ауырып қалған емделушімен қарым-қатынаста болғандарына байланысты, карантиндік стационарға жатқызылған болатын. Барлығынан да анализ алынды, ПТР диагностикалық зерттеулері олардың COVID-19 сырқатын жұқтырғанын растады.
Қазіргі уақытта бұл адамдар облыстық ауруханасының инфекциялық бөліміне жатқызылды. Науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, емдеу шаралары бекітілген хаттамаға сәйкес қабылданады.
Айта кетерлік жайт, «Тенгизшевройл» кәсіпорынында жұмыс істейтін, алғашқы науқаспен бірге, онымен жақын байланысқан 18 адам ауруханаға жатқызылды.
5.05.2020 жылғы жағдайы бойынша облыста COVID-19 инфекциясымен 53 адам анықталды. 7 адам сауығып шықты.