Б.Кенжетаевты еске алды

Қостанайда тоғызқұмалақтан республикалық турнир өтіп жатыр. Шаршы тақта маңында топтасқан спорт сайысы белгілі тарихшы, жерлесіміз Батыржан Кенжетаевты еске алуға арналды. Бұл турнир осымен оныншы рет ұйымдастырылып отыр. Биылғы жарысқа  Ақтөбе, Павлодар, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстары мен Астана қаласынан ат терлетіп жеткен 100-ден астам ұлттық ойын шеберлері бақ сынасуда.Турнир 12-ші шілдеге дейін жалғасады.
IMG_9697Өмірден ерте озған Батыржан Кенжетаев  Қазан университетін үздік аяқтаған. Саналы да санаулы ғұмырын ғылым жолына арнап, шығыс тарихын зерттеуде шама-шарқы келгенше тер төкті.
Отызында орда бұзған Батыржанды бауырлары,туған-туыстары,дос-жарандары  еске алып, оның атында турнир өткізуді дәстүрге айналдырған. Бұл жолы да сол игі шара жалғасын тапты.
 Марқұмды еске алуға арналған  турнирдің өткізілуінің де өзіндік себебі жоқ емес. Батыржанның бауырлары тоғызқұмалақ қазақтың ұлттық зияткерлік ойыны болғасын, әдейі  таңдап алынғанын айтады. О  баста бұл жарыс Батыржанның  туған жері- Әулиекөл ауданында жүзеге асқан еді. Және Новонежин елді-мекеніндегі орта мектепке Батыржанның аты берілген.
     Турнир басталмас бұрын  ас беріліп,марқұмның рухына құран бағышталды.
 
 
Әлібек Ыбырай
Суретті түсірген Айбек Жүзбай

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓