Аудан әкімінің есебі тыңдалды
Жанкелдин аудандық мәслихатының кезекті жетінші сессиясында аудан әкімі Шота Оспановтың есебі тыңдалды.Есеп беру барысында аудан әкімі жанындағы ақпараттық-насихатық топ мүшелері Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы Жолдауларын, Үкіметтің іс-шаралары мен тапсырмалары, олардың ауданда жүзеге асырылуы туралы аудан тұрғындары арасында кеңінен насихатталып жатқандығын тілге тиек етті. Жыл басынан бері аудандағы барлық деңгейдегі әкімдер тұрғындармен кездесіп, өткен жылдың нәтижесін талдап есебін берген. Алдағы атқарылатын міндеттерді сараптап, таразылаған. Есеп беру кездеңдерінде жергілікті халық тарапынан барлығы 37 ұсыныс пікірлер айтылған. шешімін тапқан ұсыныстар орындалып, қаржыға тірелетін күрделі мәселелер егжей – тегжей сараланып, жүзеге асыру мақсатында іс шаралар жоспары әзірленген. Біздің аудандағы экономикалық негіздерінің бірі ол ауылшаруашылық саласы. Бұл орайда бірқатар жұмыстар атқарылған. Үстіміздегі жылы 127 шаруа қожалығы жұмыс істеп, 561 мың гектар жерді пайдаланған. Сондай – ақ, 4 жауапкершілігі шектеулі серіктестікке 227 мың гектар жер берілген. Барлығы 131 шаруашылық 788 мың гектар жерді пайдаланып отыр. Наурыз айында «Кеңес» шаруа қожалығының басшысы Талғат Мырзалиев 2400 га жер телімін өз өтініші бойынша мемлекет меншігіне қайтарған. Агроөнеркәсіп кешеніндегі жұмыстардың басым бөлігі салалық бағдарламалардың орындалуына бағытталған. Аудан бойынша «Сыбаға» бағдарламасы аясында 30 бас ірі қара мал сатып алу жоспарланған. Берілген тапсырманың орындалуына келер болсақ, 216,7 пайызға жеткен. Ал, «Құлан» бағдарламасы бойынша жоспар 15 бас болса, 34 бас жылқы сатып алынып, көрсеткіш пайыз артығымен орындалған. «Алтын асық» бағдарламасына орындау мақсатында бүгінгі таңға дейін жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. ауданда 393 шағын кәсіпкерлік субъектісі қызмет жасауда. Оның ішінде 29 – заңды тұлға статусы бар шағын өнеркәсіп, немесе жалпы санының 7,3%, 364 – жеке кәсіпкер (шаруа қожалықтарын қосқанда) – 92,6%. Жұмыскерлер саны (шаруа қожалықтарын қосқанда)620 адам немесе 100,3% өскен. Осының нәтижесінде бизнес субъектілерімен 296,3 млн. теңгенің өнімдері, қызметтері мен жұмыстары атқарылып, бюджетке 15,3 млн теңге төлем түскен. «Бизнестін жол картасы 2020» бағдарламасының бірінші бағыты «Бастауыш кәсіпкерлерді гранттық қаржыландыру» компоненттерін дамыту бойынша өңірлік үйлестіру кеңесінің шешімімен 2 бастауыш кәсіпкер жобаларын ұсынып грант жеңіп алды. Бұл – аудан үшін жоғары көрсеткіш.
– Алдағы міндет – «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында халықты кәсіпкерлікке тарту. Бағдарламаның 1 бағыты техникалық, кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету бойынша 2017 жылы республикалық бюджеттен 8451,0 мың теңге қаражат бөлінді. Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 28 адам Арқалық және Қостанай қалаларына оқуға жіберілді. Қыркүйек айында 39 адамды қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз етуді болжаудамыз. Олардың 20-сы ауданға келетін мобилдік оқыту орталығы 19 колледж арқылы оқыту жоспарланып отыр. Аталған бағдарламаның 2 бағытын іске асыру мақсатында ауданда 1 ауылшаруашылығы өндірістік кооперативі құрылды, 24 мүшесі бар. Отбасылық мал бордақылау аланың құру мақсатында 24 әлеуеті жоғары қатысушылардың құжаттары ауылшаруашылығы қаржылай қолдау қорына тапсырылды, (49,6млн) бүгінгі күнге 19 шағын отбасылық мал бордақылау аланың ұйымдастыруға бағытталған жобалары және 1 модульдік мал сою пунктін кұру жобасы мақұлданды. Бағдарламаның 3 бағыты бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына 16 адам тартылды. Республикалық бюджеттен әлеуметтік жұмыс орнына 4335,0 мың теңге бөлініп, 1103,0 мың теңгесі игерілді. 3 жас маманды мемлекеттік мекемелерге жастар тәжірбиесінен өтуге жіберілді. Жастар тәжірбиесіне 3440,0 мың теңге қаражат бөлінді.Ақылы қоғадық жұмысқа 14 404,0 мың теңге бөлініп, 236 жұмыссыз уақытша жұмыспен қамтылады деп жоспарланған. Қазіргі таңда 154 жұмыссыз ақылы қоғамдық жұмысқа шықты. Жанкелдин ауданында жалпы база бойынша мүгедектер саны – 291, оның ішінде 1 топ мүгедегі – 26,2 топ мүгедегі -126, 3 топ мүгедегі – 111 адам, ал мүгедек балалар саны – 28 бала. Мүгедектерд оңалтудың жеке бағдарламасының орындалуы 2017 жылдың 1 шілде айына ересектер бойынша 83,9 % -ға(2016 жылдың 1 шілде 87,5 % -ға орындалды), ал балалар бойынша 90,0 %-ға (2016 жылдың 1 шілде айына 82,3 % -ға орындалды) орындалуда. Жеке оңалту бағдарламасы» бойынша гигиеналық құралдарына мұқтаж 10 ересек-мүгедекті және 4 бала мүгедектерді гигиеналық құралдарымен қамтамасыз ету үшін 2017 жылы республикалық бюджеттен 1310,0 мың теңге қаралып, оның 802,0 мың теңгесі , жергілікті бюджеттен 1689,9 мың қаралып, оның 1173,2 мың теңгесі игерілді. Ауданда жеке көмекші қызметін қолданатын 7 мүгедек бар, олардың еңбек ақысына 1 шілде айына 576,0 мың теңге төленді.2017 жылдың 6 айында аудан әкімдігінің аппаратында Қостанай облысы әкімімен берілген барлығы 124 тапсырма бақылауға алынды. Оның ішінде 65 тапсырма мерзімінде орындалып тиісті ақпараттар уақытында жолданған, 59 тапсырма жылдың соңына дейін орындалуы қажет. Әрине, жеткен жетістіктермен тоқтауға болмайды. Атқарылатын жұмыстар әлі алда. Өзіндік даму жолына түскен қазақ елін бүгінде төрткүл әлем таниды. Жаһандық дағдарысқа қарамастан елдің дәулеті артып қана қоймай, еліміздің өркендеуіне индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы қарқынды серпін беріп отыр, – деді аудан басшысы өз баяндамасында.
Сөз соңында аудан әкімі Шота Сәбитбекұлы алдағы уақытта өз кезеңін күтіп тұрған атқарылатын ауқымды шараларға кеңінен тоқталды. Биылғы жылы Аралбай ауылына орталықтандырылған су жүйесін тарту үшін құрылыс жұмыстары басталған болатын. Алда осы жұмысты 1 қарашаға дейін қосу жоспары тұр. 2018 жылы Ақшығанақ ауылына орталықтандырылған су жүйесі тартылуы мүмкін. Осы жылы Ш.Уәлиханов мектебі жанындағы интернат үйіне және Қ.Қойдосов атындағы орта мектептің жөндеу жұмыстары аяқталмақ. Сонымен қатар, өнер мектебінің жылыту жүйесі жаңартылып, ьиылғы оқу жылында пайдалануға беріледі. «Топжарған» спорт кешенінің күрес залының жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Мемлекеттік грантқа ұсынған екі жобаның бірі «Сұлулық салоны» екіншісі аудан орталығынан 25 орындық асхана ашу жобасы қолға алынды. Аудан орталығына абаттандыру жұмыстары жалғасын таппақ. Көше асфальтары жөнделіп, Қ.Алтынсары көшесіне жаяу жүргін жол салынады. Аудан үшін маңызды нысандарды заман талабына сай қайта жаңарту үшін яғниШақшақ Жәнібек мұражайына, Ш.Уәлиханов, Қаратүбек орта мектебіне және Топжарған спорт кешенінің күрделі жөндеу жұмыстарына облыстық, республикалық бюджеттен қаржы қарастыру үшін жұмыс жүргізілуде.Межелі жоспар мерзімімен шешімін тауып жатса, ауданның экономикасы бір саты көтерілетін болады.
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ
Жанкелдин ауданы