Отанды қорғауға ант етті (ФОТОРЕПОРТАЖ)
Қостанайда орналасқан ҚР Ұлттық Ұланның №6697 әскери бөліміндегі 200-ден астам сарбаз әскери ант қабылдады. Қарулы күштердің қатарын толықтырған жастар Отан алдындағы азаматтық борыштарын адал өтеуге серттесті. 
Жас сарбаздар биылғы маусым айында Қазақстанның әр аймағынан әскерге шақырылған болатын. Олар №6697 әскери бөлімінде бір ай дайындықтан өткен соң ант қабылдап отыр. Салтанатты іс-шара А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-дың алдындағы алаңда өтті. Маңызды сәтке қала тұрғындары мен сарбаздардың ата-аналары куә болды. №6697 әскери бөлімнің командирі Ерлан Ипатов пен «Орталық» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының орынбасары Савердин Имиров сарбаздарға жылы лебіздерін жолдады.






Қымбат ДОСЖАНОВА
Суретті түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ.