Уланудың себебі анықталды
Ағымдағы жылдың 25 шілдесінде Лисаков қаласындағы Красногорск ауылындағы “Қазақстан Аллюминийі” АҚ филиалының 39 жұмысшысы тамақтан уланып, ауруханаға түскен болатын. Оның 24-і облыстық ауруханаға, 14-і Лисаков қаласындағы ауруханаға жатқызылған еді. Осы жағдайға байланысты облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мамандары да уланудың нақты себебі жақын күндері анықталатынын айтқан еді. Департаменттің бөлім басшысы Гүлім Досымованың айтуынша, дәрігерлерге көмек сұраған адамдар саны кейін 38-ден 45 адамға дейін өскен. Ал, сараптама нәтижесі бойынша 18 адамнан сальмонеллез ауруы анықталған.
-Зардап шеккендердің саны өсті, бірақ соңғы екі күнде ешкім дәрігерлерге жүгінбеді. 45 науқастың 18-нен сальмонеллез диагнозы анықталды, ал үшеуінде теріс көрсеткіш. Қалғандары әлі де тексеріліп жатыр, – дейді Г.Досымова.
Сондай-ақ, асхананың тамақ бөлігінің екі қызметкері арасында да сальмонеллез табылған. Олардың асханада жұмыс істеуіне уақытша тыйым салынды, қазір ем қабылдауда. Емдеу мекемелеріне жатқызылған науқастардың ешқайсысы әлі ауруханадан шығарылмады. Бірақ олардың денсаулығы қанағаттанарлық, яғни өмірлеріне қауіп төніп тұрған жоқ.
Қарлығаш ОСПАНОВА