Кеншілер қаласындағы шаһар тойы
Кеншілер қаласы Рудныйда ұлан-асыр той-думан. Орталық алаңда ерсілі-қарсылы жүрген дүйім жұрт. Бір-бірімен иін тірескен осы нөпір халықтың жүзінен шаттық, бақыт көрінеді. Тіпті, танымаса да жылы жүзбен амандасып, лебізін білдіріп, мәре-сәре боп, бірін-бірі құттықтап жатыр. Себебі, олар туған шаһарының 57 жылдығын және еліміздегі ең іргелі кәсіпорын Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігіне 60 жыл толу мерекесін осындай шат-шадыманды көңіл күймен атап өтуде. Бұл қуанышты күнді жергілікті халықпен өңір басшысы Нұралы Садуақасов та бөлісті.




– Келгендеріңіз қандай жақсы болды. Осы тойға көптен дайындалған едік. Бұл тек қана рудныйлықтардың емес, барша ынтымағы жарасқан өңіріміздің тойы. Бұл кешегі қала құрылғанынан бергі уақытта басынан осы шаһардың толымды табысына қуанған, жетістігіне жігерлі еңбегін, күш-қайратын жұмсаған жандардың тойы. Өйткені, мен оны жақсы білемін. Себебі, мен осы шаһарда туып-өстім. Өмірдің ыстығы мен суығын осы шаһарда көрдім,– деді Елена Вадимқызы тебірене әңгімелеп.
Біз одан әрі ол кісіден тағы қандай қызықты бағдарламалар барын сұрадық. Сөйтсек, бұл тойдың ең қызығы ақшам уақытынан кейін басталып, соңы отшашуға ұласады екен. Сондай-ақ, тойдың құрметті қонағы ретінде ресейлік танымал әнші Полина Гагарина әннен шашу шашпақ.
…Міне, жүздері бал-бұл жанып, қуаныштары қойнына сыймай жүрген жергілікті жұрт жылына бір келетін шаһар тойын дәл осылай сән-салтанатымен атап өтпек! Иә, той тойға ұлассын, ағайын!
Нұрболат Мешітбаев
Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков