Өз алаңында «Атырауға» есе жіберді
Кеше Қазақстан Премьер — Лигасының жиырма үшінші турының алғашқы кездесулері (7 -12 орындар үшін) болып өтті. Нәтижелер белгілі.
Қостанайда жергілікті «Тобыл» «Атыраудан» 1:2 есебімен ұтылып қалды. Кездесудің басы алаң иелері үшін сәтсіз өрбіді. Оның есесіне, меймандар қаптаған мүмкіндіктерді пайдалана алмады. Айталық, Евгений Костпубтың ұрған добы бағаннан қайтты. Бірнеше минуттан кейін Игорь Бугаев шабуылға шығып, Шабанов қорғаған қақпаның маңдайшасын теңселтті. Дегенмен, 30-минутта Нұрбол Жұмасқалиевқа бірнеше қарсыласын алдап өтіп, гол соғудың орайы келді.
Екінші таймның 57-минутында Айбар Нұрыбеков есепті теңестірді. Арада 10 минут өткенде, Ренат Абдулин қонақтар жеңісін қамтамасыз етті.
Ал, Семейде «Спартак» «Таразды» қабылдады. Тоқсан минутқа созылған шайқаста қақпалар құлпы ашылмады. Кездесудің басында қонақтар басымырақ ойнады. Бірақ олар бірер рет қақпашымен бетпе-бет келіп, одан нәтиже шығара алмады. Ал екінші таймның басында алаң иелері бірнеше мүмкіндікті бос жіберіп қойды. Кейінірек тараздықтар қауіпті қарсы шабуыл жасады. Осымен ойын есеп ашылмаған бойы аяқталды.
Талдықорғанда «Жетісу» мен Павлодардың «Ертісі» арасындағы ойын тең аяқталды – 1:1.
Бүгін Қарағандыда «Шахтер» мен Қызылорданың «Қайсары» кездеседі.